@taudalafilial: «Семей орманы» МОТР РММ Тау-Дала филиалының Жарма орманшылығының аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары патрульдеу барысында 84-орамның 12-телімінен еліктерді байқады. Патрульдеу жұмыстарының негізгі мақсаты — жабайы жануарларды қорғау, олардың мекен ету ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, браконьерлік фактілерінің алдын алу және орман қоры аумағында табиғатты қорғау талаптарының сақталуын бақылау. 🌿🦌 Табиғатты қорғау — баршамызға ортақ міндет! #семейорманы #таудалафилиалы #жармаорманшылығы #табиғаттыаяла